«Дудар» 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Schwarzkopf Professional» өнімдерінің эксклюзивті дистрибьюторы болып табылады.
Кәсіби шаш күтімі косметикасы
«Schwarzkopf Professional» — әлемдік нарықтағы кәсіби косметика саласының үш жетекші компаниясының бірі. Бұл брендті әлемнің үздік стилист-мамандары ең жаңа сән үрдістері мен шаш қию, бояу, стильдеу және үлгілеу техникасын жүзеге асыру үшін қолданады. «Schwarzkopf Professional» — әлемдік химиялық концерн «Henkel»-дің косметикалық өнімдерді әзірлеу және өндіру бөлімі.
«Schwarzkopf» бренді 1898 жылы неміс химигі Ханс Шварцкопфтің Берлинде дәріхана дүкенін сатып алып, онда парфюмерия бөлімі ашуымен басталды. «Schwarzkopf» атауымен ол әлемдегі алғашқы: ұнтақ шампуньды (1903), сұйық шампуньды (1927), щелочсыз шампуньды (1933), суық бұйралау құралын (1947) және шашқа арналған лакты (1955) шығарды. 1995 жылы бренд «Henkel» концерніне сатылды.
Қазіргі таңда «Schwarzkopf Professional» брендінің аясында ең талапшыл клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыратын, шаш шеберлері мен стилисттерге арналған жоғары технологиялық өнімдер шығарылады.