dudar background

Мансап

Біз ортақ мақсаттарға ұмтылып, бірлескен жеңістерге жететін пікірлес командамызбен мақтанамыз. Бұл — қызметкерлеріміздің жоғары жауапкершілігі, мақсаткерлігі, білімділігі мен кәсібилігінің нәтижесі. Өз кезегінде, «Дудар» компаниясы қызметкерлердің кәсіби жетістіктерін әділ бағалап, ынталандырады.

Мотивация, оқыту және тимбилдинг

Біз ай сайын қызметкерлерімізге қолжетімді мотивациялық бағдарламаларды ұсынып, жомарт сыйақылармен марапаттаймыз, корпоративтік оқыту өткізіп, қызықты тимбилдингтер ұйымдастырамыз. Бұл команданың ынтасын жоғары деңгейде ұстауға көмектеседі. Егер сіз мансаптық өсуді қаласаңыз, ауқымды жобаларға қатысуға дайын болсаңыз және кәсіби мамандармен жұмыс істегіңіз келсе — «Дудар» командасына қосылып, әлемге танымал брендтердің Қазақстандағы дамуына үлес қосуға шақырамыз.

Актуалды бос жұмыс орындарының толық тізімі әрқашан HeadHunter сайтында.